Тәуелсіздік күні көк ту ұстап жүргендерге полиция тосқауыл қойды

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні елордалық полиция қызметкерлері ту ұстап жүруге тыйым салды деп шағымданды      Altyn-orda.kz   Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

16 желтоқсан күні Астанада тұрғындар мерекелік көңілмен көк туын көтеріп, Бәйтерекке суретке түсуді жоспарлаған. Бірақ полиция оларды тоқтатып: “Бүгін тумен жүруге, суретке түсуге болмайды” деп ескерткен. Кейін жеке деректерін сұрап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Желіде мұндай жағдайға наразы қолданушылар көп. Кейбіреулер көліктерге ту бекіткенде де полиция тоқтатқан, тіпті “штарф стоянкада” деп қорқытыпты.

Ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділов бұл әрекетті заңсыз деп атап, “Ту үшін ешқандай жауапкершілік жоқ, тексереміз” деді.

Вице-министр Ерлан Саиров тәртіп сақшыларының асыра сілтеушілік жасағанын айтты.