Шымбұлақтағы мейрамханада қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен ер адамға да айыппұл салынды

Видеодан скриншот
Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы Gusto мейрамханасында болған оқиға қоғамда дауға айналған деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Оқиға қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен азамат пен мекеме қызметкерлері арасында туындаған. Сөзге келу барысында тараптар бір-біріне эмоциямен ерік беріп, жағыдай ұшыға түскен.
Тергеуден кейін қатысушылардың әрекеттеріне заңды баға берілді. Сот екі адамды да ұсақ бұзақылық жасады деп кінәлі деп танып, әкімшілік жаза тағайындады. Нәтижесінде әрқайсысына 20 АЕК, яғни 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Құқық қорғау органдарының түсіндіруінше, шешім тілдік талаптың өзіне емес, қоғамдық тәртіптің бұзылуына байланысты қабылданған. Бұл жағдай мемлекеттік тілде қызмет көрсету мәселесімен қатар, кез келген дауды заң аясында, сабырмен шешудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.










