Алматыдағы LRT: бір вагонға 165 жолаушы тасып , сағатына шамамен 20 шақырым қашықтықты қамтиды

Алматыда салынуы жоспарланған LRT жобасына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Қалалық басқарманың мәліметінше, болашақ жеңіл рельсті көліктің бір вагоны 165 жолаушыға дейін тасымалдай алады деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Бұл жалпы отыратын орнымен қосқанда сиятын жолаушылар саны деп белгіленіп отыр .
LRT-ның орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына шамамен 20 шақырым болады деп жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш қала ішіндегі кептелісті азайтуға негізделген жоба
Қазір жобаның техникалық параметрлері пысықталып жатыр. Вагондарды жеткізетін компания әзірге анықталған жоқ. Жобаның нақты құны мемлекеттік сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болады.
Алматыдағы LRT жеке көлікке тәуелділікті азайтып, қоғамдық көлік жүйесін дамытуға көмектесуі тиіс. Жоба метро, BRT, автобус бағыттары және көлік-алмасу тораптарымен байланыстырылмақ.
Бұған дейін LRT құрылысының бірінші кезеңіне 61,4 млрд теңге бағытталатыны хабарланған еді. Ал құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың маусым айының соңына дейін басталуы мүмкін.
Жаңа көлік түрі іске қосылса, Алматыдағы кептеліс мәселесін азайтуға сеп болуы мүмкін. Ал жол ақысы қанша болатыны әзірге белгісіз .










