Павлодарда Z белгісі бар жейде киген ер адам полицияға жеткізілді

Павлодарда «Z» әрпі мен «Своих не бросаем» деген жазуы бар жейде киген ер адам полицияға жеткізілді. Оқиға қоғамда қызу талқыланып жатыр деп жабарлайды Altyn-orda.kz
«Z» белгісі Ресейдің Украинадағы соғысын қолдаудың нышанына айналған. Қазақстанда бұл таңбаға тікелей тыйым салынбағанымен, оны қоғамдық орында көрсету жанжал туғызса немесе қоғамдық тәртіпті бұзса, жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Бұған дейін де елде осындай жағдайлар тіркелген. Мысалы, Саран қаласында ескерткішке «Z» белгісін салған ер адам жеті тәулікке қамалған. Ал кей жүргізушілер көлігіне осындай таңба жапсырғаны үшін айыппұл алған.
Павлодардағы оқиғаға қатысты полицияның ресми түсініктемесі әзірге жарияланған жоқ.










