« Кешірім сұраймын»- Дипломын жыртқан түлек көпшіліктен кешірім сұрады

Әлеуметтік желіде дипломын жыртып тастаған видеосымен көпшіліктің сынына ұшыраған түлек арнайы бейнеүндеу жариялады деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Оның айтуынша, бұл әрекет алдын ала жоспарланған әлеуметтік эксперимент болған.
Видеода жыртылған құжат шынайы диплом емес, арнайы дайындалған көшірме көрінеді.
Түлек бұл әрекеті қоғамда өз әрекеті теріс пікір тудырғанын , жоғары оқу орнының басшылығынан, оқытушылардан және барша ұстаздар қауымынан кешірім сұрады.
Ол ешкімді ренжітуді, ұстаздардың еңбегін жоққа шығаруды немесе білім мен дипломның қадірін төмендетуді мақсатта істемегенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде түлектің дипломын көпшілік алдында жыртып тастаған видеосы тарап, қолданушылар арасында қызу пікірталас туғызған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










