Ресейліктер Қазақстаннан жаппай пәтер сатып алып жатыр

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс өсіп келеді. Халықаралық жылжымайтын мүлік агенттігінің сату бөлімінің жетекшісі Асхат Тәжиевтің айтуынша, маусым айынан бері Ресей азаматтарынан түсетін өтініштер саны шамамен екі есеге артқан деп хабарлайды qamshy.media     

 Әсіресе Ақтау қаласында сұраныс ерекше жоғары. Соңғ ы екі айға жетер-жетпес уақытта мұндағы өтініштер саны өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда бес есеге көбейген.

Ресейліктер Қазақстаннан пәтерді әртүрлі мақсатпен сатып алып жатыр: бірі баласын оқуға жіберу үшін, енді бірі жинағын сақтап, инвестиция ретінде қарастырады. Сұраныс көбіне Батыс Қазақстан өңірлері мен Каспий жағалауына бағытталған.

Агенттік мәліметінше, жақында Астанадағы элиталық тұрғын үй кешенінің пентхаусы Ресей азаматына 235 млн теңгеге сатылған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qamshy.kz (@qamshy.media)