Украин дрондары Тамбов және Мәскеу облыстарындағы Wildberries қоймаларына шабуыл жасады

18 шілдеге қараған түні украин дрондары Ресейдің Тамбов және Мәскеу облыстарындағы Wildberries компаниясына тиесілі ірі логистикалық орталықтарға шабуыл жасады.

Тамбов облысының Котовск қаласындағы қоймаға дрон түсуі салдарынан алапат өрт шыққан. Ресейлік биліктің мәліметінше, түнгі ауысымда жұмыс істеген жеті адам қаза тауып, 25 қызметкер жарақат алған. Өрт кейіннен сөндірілген.

Екінші шабуыл Мәскеу облысының Электросталь қаласындағы Wildberries логистикалық кешеніне жасалды. Мұнда да қойма өртеніп, кемінде 24 адам зардап шеккені хабарланды. Компания басшылығы екі нысанның да шабуылға ұшырағанын растады.

Сол түні Мәскеу облысының Ногинск қаласындағы мұнай базасында да өрт шықты. Ресей билігі өртке құлаған дрон қалдықтары себеп болғанын мәлімдеді.