Алматыда қала жұмысшыларының демалып отырған сәтін видеоға түсіріп шу шығарған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда қала жұмысшыларының демалып отырған сәтін видеоға түсірген әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Әкімдік мәліметінше, алматылық әйелге «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.
Сонымен қатар, тексеру барысында әйелдің итін тұмылдырықсыз серуендеткені анықталған. Осыған байланысты оған тағы да әкімшілік шара қолданылып, 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қолданушылар арасында қызу талқылау туғызды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










