Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кореядағы қазақ этноауылына барды

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шик қазақ этноауылына барды деп хабарлайды 24kz_tv  ға сілтеме жасаған  altyn-orda.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап көріп, қазақ халқының бірегей мұралары айшықталған «Жеті қазына» голографиялық инсталляциясын тамашалады.

Этноауылда қазақ шеберлерінің қолынан шыққан дәстүрлі зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен киізден жасалған заттар көрмеге қойылған.

Меймандарға домбыра, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған музыкалық бағдарлама ұсынылды.

«Бірлік» би ансамблі мен Қазақстан Республикасы академиялық корей театры балет труппасының бірлескен қойылымдары көрермен көңілінен шықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шикке садақ ату өнері мен садақшылардың шеберлігі көрсетілді.