Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап
Бұған дейін Мемлекет басшысының шақыруымен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын. Ал 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен Акаба процесі саммиті өтеді.
Бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, барлау мәліметтерін алмасуға, сондай-ақ терроризммен, экстремизммен және жаңа технологиялық сын-қатерлермен күрестегі бірлескен күш-жігерді үйлестіруге арналған жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер форматы.

