«Не қазақ емеспіз, не араб емеспіз»: Дариға Бадықова орамал тағып, тұмшаланған қыздар туралы айтты
Танымал актриса Дариға Бадықова өзінің парақшасында қазақтардың өз кейіпін жоғалтып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Кейінгі кезде байқайсыздар ма не қазақ емеспіз, не араб емеспіз. Дәстүрді айтсақ, шариғатта олай емес дейміз”, – деп жазды ол.
Актриса кейінгі кезде орамал тағып, тұмшаланған қазақ қыздарының көбейгенін меңзесе керек.
Жазбаны оқырмандарына деген сұрақпен аяқтады.
“Бізді дүбәрә ету кімге пайдалы?», – деген сауал жолдады Дариға.
Бұл сұрақ көптің көкейінде жүрсе керек. Желі қолданушылары актрисаның бұл сөзін қолдай кетті.
“Дұрыс айтасыз. Кім болса соған еліктеуге дайын тұрамыз”, “Ары тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледі. Қазақтардың жанында дүбәрәнің өзі жолда қалады”, “Келісемін”, – деп өз пікірлерін қалдырды желідегілер.