Назарбаев кеңсесінің қажеттіліктері үшін 5,6 млрд теңге бөлінді
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне 5,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет осы заңға тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған мынадай көлемдерде бекітілсін», — делінген ҚР 2022 жылғы 1 желтоқсандағы заңында.
Тиісінше республикалық бюджеттен Елбасының кеңсесіне 2023 жылы 1 678 654 млрд теңге, 2024 жылы 1 994 569 млрд теңге, 2025 жылы 2 154 435 теңге қарастырылған.
Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше мәртебе берген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заң ресми түрде күшін жойған.
Сонымен бірге, «Елбасы туралы» заңның күшін жоғалту Назарбаевты қылмыстық қудалау иммунитетінен айырмайды – бұл норма Конституцияда тікелей жазылған.
Сәйкесінше жыл сайын ұлғайып келе жатқан кеңсені қаржыландыру да қала бермек.
Еске салайық, тұңғыш президент кеңсесі 2019 жылы Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін бірден құрылған болатын.
«Мен тұңғыш президент Елбасының тиісті конституциялық заңмен реттелетін міндеттерін өз мойныма алдым. Сонымен қатар, мен Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасымын, «Nut Otan» партиясын басқарып келемін. Алдымызда атқарар жұмыс көп. Осы қызметтің барлығын қамтамасыз ету үшін тұңғыш президенттің кеңсесі құрылды. Барлық ұйымдастырушылық мәселелер шешілді. Енді әркім өзіне жүктелген функцияларды орындауға кірісуі керек», — деген еді Назарбаев 2019 жылғы сәуірде өткен кеңесте.