Қытайдың жаңа қаласы Қазақстанның іргесінде бой көтерді
Қытай Қазақстанның іргесінде ресми түрде жаңа қала бой көтергенін жария етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia-ға сілтеп.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, Қытай үкіметінің бекітуімен 2023 жылдың 20 қаңтарында Қытайдың Қазақстанмен шекаралас Тарбағатай аймағының аумағынан Байян қаласы (白杨市 — қазақша атауы Теректі) құрылды.
Қала орталығы – Шәуешек қаласы мен Бақты өткізу пунктінің аралығындағы Ақшоқы кенті белгіленді.
Қала Шынжаң өндіріс-құрылыс корпусының 9-шы дивизиясының құрамынан құрылды.