Заңғар Нұртас ағасы Қайрат Нұртас он жиырма мың доллардың сағатын сыйлыққа бере салатынын жайлы айтты
Елімізге танымал хитмен Қайрат Нұртастың інісі ағасы жайлы ешкім білмейтін құпиясын бөлісті. Танымал отбасының кенжесі Taboo бағдарламасында ағасының бойындағы өзі таңғалатын қасиеттерді айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Ағам өте қарапайым. Менен де қарапайым. Мен таңғаламын, осы күнге дейін осындай бақпен сондай дәрежені қалай ұстап жүруіне болады? Сахнаға шығып жатқан сәтте балалары хабарласады. Біз келіп, «видео құттықтау түсіріп жіберші» дейміз. Басында қанша мәселе болып жатса да, күле салады да құттықтайды. Кез келген кезде бір кісі келсе, ауырып тұрса да көліктен түсіп, суретке түседі. Менде ондай қарапайымдылық жоқ. Мен ауырып тұрғанда біреу келсе, ондай жағдайға бармас едім. Бірақ ол кісіде ондай жоқ. Ағамның қарапайымдылық, ақкөңілділігін бағалаймын.
Ол кісіде «менікі» деген нәрсе жоқ. Ең қымбат затын бере салады. Көлігін «Інім, саған сыйладым» деп бере салады. Он-жиырма мың доллардың сағатын бере салады. Барлығына солай. Ауылдан туыстар, достары келсе, шкафын ашып «Мына киімді көрші, саған жарасатын сияқты» деп бере салады. Дұрыс келетін өлшемді таппаса, менің бөлмеме келеді. Кейде мен өз киімдерімді таппай қаламын.
Бірақ соның арқасында Алла Тағалаға оған еселеп береді. Ол кісінің айтқаны үйде заң. Әкем мен анам әрине, бірақ ағам да маңызды», — деді Заңғар Нұртас. Сонымен қатар Заңғар Қайрат Нұртасты «анасының баласы» деген сынға қалай қарайтынын айтты. «Қайрат ағамды «анасының баласы» деп айтады.
Ал Аян ағамыз екеуімізді «ағасының арқасында жүргендер» дейді. Бірақ, ол ұялатын нәрсе емес. Осындай бақты көтере біліп, бірлігімізді сақтап, тату болу, «Қайрат Нұртастың інісі» болу мен үшін — мақтаныш. Мен осындай ағамның барына қуанамын. Екінің бірінде ондай аға жоқ. Мен онымен мақтанамын, Құдайға шүкір. Кішкентай кезімнен бері Мейрамбек (Бесбаев — редю) аға мен өз ағамды тыңдап өскенмін. Басқа ешкімді тыңдамағанмын. Ағам болмаса да әнін тыңдайтын едім. Сүйікті әншім», — деді Заңғар Нұртас.