Түркия Алматыға 30 құтқарушыны оқуға жібермек

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Цой хабарлады.

«Қазақстандық құтқарушылардың кәсіби шеберлігін Түркия азаматтары жоғары бағалады. Кеше ғана AFAD (Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларға қарсы күрес басқармасы – Sputnik) бас үйлестірушісі хабарласып, оларды оқытуға, тәжірибе алмасуға келуімізді сұрады. Олар маған Қазақстанға 30 құтқарушы жібергісі келетінін жазып, біздің елде даярлықтан өтуге, сондай-ақ кинологтармен жұмыс істеуді үйренуге ниетті екендерін хабарлады», — деді Цой өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.

ТегтерТүркия