«Келіспей қалдық»: Мәдина Сәдуақасова енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты
Танымал эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова ене мен келіннің арақатынасын реттейтін ер адам деп санайды. Бұл туралы ол Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Енесімен жақсы қарым-қатынаста екенін айтқан әнші күйеуінің анасымен келіспей қалған сәттердің де болғанын жасырмады.
“Ене мен келіннің арақатынасын реттейтін – ер адам. Олжас маған ұсыныс жасағанда: “Өмірлік жарым ретінде өзіңді көріп тұрмын. Менің анам алғашқыда мені түсінбеуі мүмкін, кейін сенің қандай адам екеніңді білгеннен соң ол сені жақсы көріп кетеді” деді. Осылай 9 жыл өтті. Анасы осы уақытқа дейін бірде-бір сөз айтқан емес. Келіспей қалған бір сәт болды. Ол кісілер Әнуарды ешкімге көрсеткісі келмеді. Ұлымды бағдарламаларға, көпшілік алдында, әлеуметтік желіге шығаруға қарсы болды. Дана Нұржігіт жүргізетін бағдарламада Роза Қуанышқызы Әнуардың тұсауын кесетін болды. Менікі Роза Рымбаева ұлымның тұсауын кессе деген арман ғой. Әнуар бір жасқа толмаған, сол түсірілімге апарғым келді. Ал енем қарсы болды. Сол сәтте арамызда түсініспеушілік болды. Бірақ ол кісі халыққа танымал адам тұсауын кесетін болғандықтан, немересін көпшілік көретінін түсінді. Әнуарды көргенде бәрі “мына бала әкесінен айнымай қалған екен ғой” деді. Енемді халықтың осы сөздері де жібіткен болар”, – дейді өнер иесі.
Мәдина Сәдуақасова өз пәтері бола тұра не себепті енесімен бірге тұрғанын түсіндірді.
“Менің енем – өзгенің өміріне араласпайтын жан. Енеммен екі жыл бірге тұрдық. Әнуарды Астанада босандым, күйеуімнің жұмысы ауысып, ұлымның үш айлығында Алматыға қайтып келіп, енемен бірге тұрдық. Өз пәтерім болды. Жолдасым сырт көзге жуас болып көрінгенімен, өмірде оңай адам емес. “Мен сенің үйіңе барып тұрмаймын” деді”, – деген күйеуінің кесімді жауабын естіген