Белгілі заңгер еліміздегі телефон жөндейтін «сақалдыларды» жіті тексеруді талап етті

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек телефон жөндейтін «сақалдылардың» қаптап кеткенін айтып, дабыл қақты. Заңгердің айтуынша, қазіргі таңда «сақалдылар» халыққа қоқан-лоққы көрсететін болған, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Еліміздегі барлық қалаларда телефон жөндеу орындарының көп бөлігінде «сақалдылар» қаптап кеткенін халық та растады.

“Аман қалғың келсе, тез арада кет!”

Атырау ҰҚК-ОЯНАМЫЗ!
Осы жақын күндерде Атырауда орын алған оқиға.
2018 жылы Шымкент қаласында телефон  жөндейтін дүңгіршектерді  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жігіттері жанын шығарып тұрып тазалап еді.
Маған сол кезде шағым көптеп түсетін, тіпті “қысқа балақтылар” сол жерден университетке өтетін қыздардың киімдеріне дейін әңгіме ғып, доқ көрсетіп құтырып кеткен еді!
Байтұрсынов көшесіндегі сол төңіректі “еншілеп” еркінси бастағанда Шымкентке ҰҚК-і басшысы болып Тасыбеков деген кісі жаңадан келіп, бір күнде аяқ-қолдарын бүктеп, тазартып тастаған еді.

Бірақ қазір бұлар қайта көбейе бастады!
Қаңтар бізге әлі сабақ болмады ма?
Неге бұларды қолдан құтыртып отырмыз?
Өз елімізде емін-еркін, қауіпсіз жүре алмаймыз ба сонда?!
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстандағы бүкіл телефон жөндейтін “сақалдыларды” жіті тексеріп шығамыз!

Мына баяндап отырған әйел адам. Даусын өміріне қауіп төнбесін деп өзгерттім!, — деп жазды заңгер халықтың жанайқайын. 

«Барлық қалаларда сақалдылар ғой, телефон жөндейтіндер», «Айгүл, жанайқайыңыз өте орынды. Қазірден алдын алу керек. Бірдеңе істемесек болмайды, бұлар балалап кеткен», «Олар сонша қорқытып «кет!» дейтін кімдер? Негізі Атырауда өте көп, рас шымкенттіктер де базарларда өте көп,мұндайды неге үкімет қарамай отыр,шынымен ойланатын жағдай екен!», деп жазды.