«Күйеуің қаңғып кетті ме, шыда». Алмат Сақатов тұрмыстағы әйелдерге кеңес берді

Танымал актер Алмат Сақатов тұрмыстағы әйелдерге кеңес берді. Бұл туралы өнер иесі «Менің өмірім» бағдарламасында айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, кез келген нәрседе шыдамдылық таныту қажет.

«Жақсы әйел шыдамды болу керек. Қандай болмасын. Сабаса, ұрса, күнде арақ ішіп жүрсе, түсінемін. Бірақ оған еркек жетуі керек. Еркектің қолы қай кезде ұзарады? Әйелдің тілі ұзарған кезде ұзарады. Сондықтан әйел еркекке шыдаса, тілі ұзармай тыныш жүрсе, ақылды еркек болса, өз орнына келеді. Шыдамаған әйел қарсы сөйледі ме, бір сөйлейді, екі сөйлейді, үшіншісінде кетеді. Тілін шығармай шыдау керек. Күйеуің қыдырып қаңғып кетті ме, шыда. Бір рет шыдаса, екі рет шыдаса, «ұят болды» деп ойлайсың. «Қояйын» деп уақыты келгенде қоясың», — дейді актер.