Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылды

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

“Мемлекет

басшысының жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Ахметов Даниал Кенжетайұлы 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.

Ол – экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.

Еңбек жолын 1976-1981 жылдары – “Павлодар тұрғынқұрылыс” тресінде мастер болып бастаған. 1981-1983 жылдары – Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983-1987 жылдары – “Екібастұзшахтақұрылыс” комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы; 1987–1991 жылдары – Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жылдары- “Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс” трестінің басқарушысы; 1992-1993 жылдары – Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жылдары – әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі; 12.1997-10.1999 жылдары- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі; 10.1999-21.12.2000 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;

21.12.2000-21.11.2001 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің Бірінші орынбасары; 21.11.2001-13.06.2003 жылдары – Павлодар облысының әкімі;

13.06.2003-08.01.2007 жылдары – Қазақстан Республикасының премьер-министрі; 10.01.2007-17.06.2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

12.2010 жылы – Экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы; 2012-11.2014 жылдары -Энергетика және инфрақұрылым министрі болған.

2014 жылғы 11 қарашадан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қызмет атқарған.

 

kaz.nur.kz