Поляк дәрігерлері Саакашвилиді тексерістен өткізіп жатыр
Бір топ поляк дәрігерлері Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді жан-жақты медициналық тексеруге кірісті, деп хабарлайды altyn-orda.kz
Бұл туралы 12 шілдеде Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеді.
Біз достарды қиыншылықта қалдырмаймыз. Менің өтінішім бойынша Гуманитарлық және медициналық көмек көрсету тобының поляк дәрігерлері тобы Грузияда президент Михаил Саакашвилиді кешенді медициналық тексеруден өткізуді бастады», — деп жазды Моравецки өзінің Twitter парақшасында. Моравецки тексеру туралы басқа мәліметтерді бермеді.