Қырымда әскери комиссариатты өртеп жібермек болған орыс тілінің мұғалімі ұсталды
Қырымда әскери комиссартатты өртемек болған 51 жастағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ұсталды, деп хабарлайды altyn-orda.kz .
«Базаның» хабарлауынша, шілденің 29-ы күні Феодосиядағы әскери комиссариат ғимаратына әйел адам молотов коктейлі лақтырған. Оны жолдан өтіп бара жатқан бір топ адам ұстады, олардың арасында екі әскери адам бар.
Атап өтілгендей, өрт қою әрекеті ешқандай зиян келтірмеген — әскери комиссартаттың
жанында асфальт аздап жанып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, Молотов коктейлін лақтыру кезінде әйел телефонмен сөйлескен. Ол ұсталған кезде телефонға «Мені ұстады » деп қатты айғайлады.
Сондай-ақ, әскери комиссариатты өртеп жібермек болған мұғалім өртеніп жатқан асфальтқа аяқ басып, аяқ-киімі өртеніп кеткен. Жергілікті әскери басқарманы күзетіп тұрған тәртіп сақшылары қаскүнемді ұстады.
Арнайы қызмет қызметкерлерінен жауап алу кезінде ол әскери комиссариатты өртеу туралы тапсырманы Telegram желісіндегі белгісіз куратордан алғаны белгілі болды.