Талдықорған мәйітханасында түсірілген видео жұртты шошытты (видео)

Жетісу облысының орталығында қаза тапқан адамдарды жерлеуге апара жатқан мәйітхана қызметкерлері желі қолданушыларын елең еткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнеде көрсетілгендей, мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған белгісіз адамдарды жерлеуге апара жатқанын байқауға болады. Алайда, жаймамен оралған мәйіттерді ер адамдар көлікке лақтырып, бірінің үстіне бірін қойған.

«Бұл не масқара? Сұмдық. Ол қайтыс болсада адам ғой, қарап тұрсаң бір картопты көлікке тиеп жатқандай көрінеді. Бұл недеген бассыздық» — дейді желі қолданушылары.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Stan.kz тілшісі мәйітхананың басшылығы хабарласып көрген болатын, жұмыс күні болғанына қарамастан жерлеу мекемесінің қызметкерлерімен байланысу мүмкін болмады.

 

 

Тегтермәйітхана