Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы дүниеге келді
Танымал айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы дүниеге келді. Қуанышты жаңалықты желі қолданушылары жарыса бөлісіп, ақынды құттықтауда, деп хабарлайды Altyn-orda.kz KAZ.NUR.KZ ге сілтеме жасап
«Барша қазақ жұртынан сүйінші сұраймын! Ақ жүрек азамат, айбынды ақын Серікзат Дүйсенғазы ағамыз ұлды болды! Алла періште сәбидің ғұмырын берекелі, ұзақ қылғай», — деп жазды ақтөбелік ақын Марат Сәрсенбайұлы өзінің Facebook парақшасында.
Адвокат Ляззат Ахатова да Facebook парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрады.
«Алақай, сүйінші, бауырлар! Серікзат Дүйсенғазы досымыздың шаңырағында жүрекжарды қуаныш, дүниеге ұл келді! Қазір ғана Секеңнің өз аузынан естідім. Көзімнен ыстық жас ыршып кетті, шын айтсам. Қуаныштың көз жасы ғой, әрине. Алла, бар екенсің ғой, мың шүкір! Өшкен жанып, өлген тірілді деген осы шығар!», — деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Серікзат Дүйсенғазының биыл қаңтар айында тұңғышынан көз жазып қалған болатын. Кейін ақын желіде марқұм ұлына арнайы жазба арнап, қайғысын бөліскен барша қазақ халқына алғысын айтқан еді. Сондай-ақ ақын ұлының қазасынан соң алғаш рет сұхбат берген болатын.