Екібастұзда құны 113 млрд теңге болатын ферроқорытпа зауыты салынады
Екібастұзда құны 113 млрд теңге болатын ферроқорытпа зауыты салынады. Бұл туралы мемлекеттік комиссия отырысында талқыланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, жобаға құйылатын инвестиция көлемі —113 млрд теңге. Зауыт 2025 жылы іске қосылады. Жылына 80 мың тонна өнім шығарып, 520-дан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтиды деп жоспарланған.
Өнімдер Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркия және Еуропа елдеріне экспортталады