«ДНҚ нәтижесін күтіп жүрміз». Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласы көңілі орнына түскенін айтты
Бельгиялық отбасы асырап алған қазақтың баласы, 21 жастағы Эдди Жан ДНҚ нәтижесін күтіп жүргенін айтты, — деп хабарлайды altyn-orda.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып .
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Біз ДНҚ нәтижесін күтіп жүрміз. Көңілім біраз орнына түскендей болды», — деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін журналист Қымбат Досжан баланың анасы болуы мүмкін деген күдік бар үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын да айтқан еді.
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.