Алматыда смартфон ұрлады деген күдікпен бір топ тұрғын ұсталды

Алматыда қаланың әр ауданында смартфон ұрлады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың ең кішісі 20 жаста, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған NUR.KZ. «iPhone және Samsung смартфондары қалта ұрыларының арасында ерекше танымал.

Бұл жолы шабуыл жасағандар Әуезов, Жетісу және Медеу аудандарында әрекет еткен. Олардың ең жасы небәрі 20-да. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», — деді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес ұрлық: түзеу жұмыстарымен немесе 3000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға (11 млн теңге); 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға; не 7 жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге; не 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. 

kaz.nur.kz