Ербосынұлы комадан кейін алғаш рет байланысқа шықты
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққан соң алғаш рет байланысқа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Спортшының Instagram Stories-нде балаларының суреттері жарияланды.
Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 6 қарашада WBA Regular атағы үшін жекпе-жекде кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Өткен аптада отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.