Қазақстан қалаларының бірінде Жеңіс парады өтеді

9 мамырда Байқоңыр қаласында Жеңіс күніне арналған шеру өтеді. Бұл қала биыл Қазақстанда аумағында мұндай шара өтетін жалғыз қала атанып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланды.

Бұл тізімде 9 мамырда сағат 10:00-де Байқоңырдағы Ленин алаңында өтетін Жеңіс парады да аталған. Айта кетейік, 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери парадтар өткізілмейтінін мәлімдеген. «Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұруға басымдық беріледі», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

kaz.nur.kz/