«Кешіру керек пе?»: Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ләйсира Мараттың өмірі туралы кітап жарық көрді

Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы әйелі, бизнесвумен Ләйсира Марат өмірі туралы екінші кітабын жазып шықты. Бұл туралы      Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бизнесвуменнің екінші туындысы наурыз айында оқырманға жол тартады. 2016 жылы қоғам назарын аударған жанжалды ажырасуды ешкім ұмыта қойған жоқ. Кәсіпкер отбасы мүшелері Тұрсен Алагөзов пен Ләйсира Мараттың шаңырағы шайқалып, екі жаққа кеткен еді. 

“Түрлі оқиғадан кейін өмірім екіге бөлінді. Дейін және кейін. Үш жыл бойы оқырман қауымнан хат үзілген жоқ. Бәрінің сұрайтыны бір әңгіме. “Түнде не ойлайсыз?”, “Сатқындықты қалай аман қалдыңыз?”, “Кешіру керек пе?”, “Қанша уақыт жыладың?”, “Әрі қарай өмірді қалай жалғастыру керек?” деген сұрақ көп келеді. Сол үшін кітап жазуды жөн көрдім. Әзірге жанры түсініксіз болып тұр. Автобиографияға да, бизнес бағытына да келетін сияқты. Жылы үйде, көрпеге оранып алып, оқитын кітап болмақ”, – дейді автор. 

Әуесқой автордың кітабын күтіп жүрген оқырман қарасы көп. Айтуынша, кітап шығаруды ұзақ ойланып жүргенімен, бір демде жазып шыққан. Ақпан айында автордың жеке парақшасында бірінші эпизоды жарық көрді. Екінші кітабын қараша айында бастап, ақпан айында аяқтаған. 

“Бұл кітаптың ерекшелігі – әлемге танымал психологтардың да кеңесі бар. Сатқындықты бастан кешірген әйел қауымына тура жолды көрсететін бағдаршам болмақ. Ескі өмірдің есігін жауып, жаңа өмір сүруге ұмтылады. Махаббат хикаясын баяндайтын тұтас кітап сериясын шығару арманыма ақырындап аяқ басып келемін”, – дейді кәсіпкер әйел. 

Еске салайық, 2017 жылы кәсіпкер Тұрсен Алагөзов танымал продюсер Баян Мақсатқызымен некелескен еді.