Париж-2024: Әмір Маймұратов жарысты ширек финалдан аяқтады

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының спортшысы Әмір Маймұратов Париж олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жылдамдыққа құзға өрмелеу спортының ірікету кезеңінде олимпиада рекордын жаңартқан Әмір Маймұратов Париж олимпиадасындағы жолын аяқтады. Отандасымыз ширек финалда ирандық Реза Алипурға қарсы шыққан болатын. Өкінішке қарай қазақстандық спортшы 6,14 секунд уақыт көрсеткішімен ирандыққа есе жіберіп,  жартылай финалдан сырт қалды.