Қазақстандық жасөспірімдер Вьетнамда өткен Азия чемпионатында күрестен жүлде алды

17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыс Вунгтау қаласында өтуде
Қазақстандық балуандар 2025 жылғы 21-26 маусым аралығында Вьетнамда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында (U17) күміс және қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Altyn-orda.kz хабарлайды.
25 маусымдағы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасына екі спортшы жүлде әкелді:
Наров Нұртай еркін күрестен 71 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.
Қасымбек Дінмұхаммед еркін күрестен 80 кг салмақта қола медаль иеленді.
Чемпионат Вунгтау қаласында өтіп жатыр және құрлықтың ең үздік жас балуандарын жинаған. Турнир 26 маусымда аяқталады.
Altyn-orda.kz
