Нұрсұлтан Назарбаев шөбере сүйді

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев немерелі болды. Ұлттық Олимпиада Комитетінің Президентін танымал спортшылар құттықтап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К не сілтеме жасаған altyn-orda.kz

Құлыбаевтың шаңырағындағы сүйінші жаңалықты дзюдошы Әбиба Әбужақынова өзінің Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Тимур Асқарұлын немересімен құттықтап, кішкентайға бауы берік болсын айтқан.

«Құрметті Тимур Асқарұлы, немереңіздің бауы берік, денсаулығы мықты болсын! Біз сияқты мықты спортшы болсын», — деді Әбиба Әбужақынова.

Динара Нұрсұлтанқызы мен Тимур Құлыбаев бір ұл екі қыз тәрбиелеп өсірген. Желі қолданушылары бұл немере Құлыбаевтың тұңғышы Алтайдың баласы деп болжам жасаған.