Вашингтонда Ресейге қарсы санкциялық қысым күн тәртібінің негізгі бөлігіне қайта оралуы мүмкін

АҚШ-та республикалық сенатор Линдси Грэм мен конгрессмен Брайан Фицпатрик Ресейге қарсы санкцияларды федералды бюджет туралы заң жобасына қосуды ұсынды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Құжат Мәскеу Украинамен келіссөздерден бас тартқан жағдайда санкцияларды күшейтуді көздейді. Сонымен қатар, ресейлік мұнайды импорттап отырған Үндістан мен Қытайға да шектеулер енгізу ұсынылды.

Бұл бастаманы Трамптың соңғы кездері «қатаң энергетикалық санкцияларды» қолдауға дайын екендігін мәлімдеуі жандандыра түсті. Ал Мәскеу тікелей келіссөздерге барудан бас тартып отыр.