Хаменейден кейін: келесі кім?

Али Хаменейдің қазасы Иран үшін ғана емес, жеке тұлғаға негізделген билік модельдері үшін символдық кезеңнің аяқталғанын білдіреді. Ондаған жылдар бойы қарсы тұру идеологиясына және сыртқы конфронтацияға сүйеніп келген жүйе өзегінен айырылды.

Мұндай режимдер сырттай берік көрінеді. Бірақ олардың тұрақтылығы бір орталық фигураға тәуелді. Сол тірек жойылған сәтте мәселе тек мұрагерлікке тірелмейді — бүкіл жүйенің беріктігі сынға түседі.

Соңғы жылдары әлем айқын бір үрдісті көрсетіп отыр: прокси-қақтығыстарға, милитаризацияға және тұрақты эскалацияға сүйенген модельдерге төзімділік азайды. Қысым құралдары да өзгерді. Санкциялар, технологиялық оқшаулау, қаржылық шектеулер және ақпараттық ашықтық баяу, бірақ жүйелі түрде әсер етеді. Олар бір сәтте құлатпайды, бірақ іргетасты әлсіретеді.

Сирия бұрынғы аймақтық салмағын жоғалтты. Венесуэла ұзақ экономикалық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатыр. Иран ашық қарсыластық кезеңіне кірді. Ортақ мәселе – бейімделудің орнына қатаңдыққа сүйену.

XXI ғасырдың тәжірибесі көрсетеді: авторитарлық жүйелер көбіне сыртқы соққыдан емес, жинақталған стратегиялық қателіктерден әлсірейді. Мұндай модельдің басты әлсіздігі – икемсіздігі. Әлемдік жүйе өзгерген сәтте модернизациядан бас тарту қауіпті факторға айналады.

Біз сондай-ақ жазған едік

Келесі кім болады? Бұл міндетті түрде аты жиі аталатын мемлекет емес. Келесі болып экономикалық шындықты, технологиялық тәуелділікті және жаһандық өзара байланыстылықты елемейтін жүйе шығады.

Жаңа дәуірде ең қатал немесе ең дауысты емес, ең икемді мемлекеттер өміршең болады.

Әлем стратегиялық сүзгілеу кезеңіне өтті.

Ал өткеннің логикасымен өмір сүретіндер бұл сүзгіден өте бермейді.

Altyn-Orda.kz

ТегтерӘлем