Павлодарлық педагог халықаралық сыйлықтың иегері атанды

Бельгия астанасы Брюссель қаласында 27–28 мамыр күндері педагогтердің кәсіби дамуы мен білім беру саласындағы инновацияларды қолдауға арналған халықаралық «ETF New Learning Award – 2026» іс-шарасы өтті. Беделді жиынға Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің оқытушылары Гүлнәр Әбілғазықызы Мешітбаева мен Виктория Владимировна Ясная қатысты деп хабарлайды gov.kz ге сілтеме жасаған altyn-orda.kz
Халықаралық деңгейдегі кәсіби байқау қорытындысы бойынша Гүлнәр Мешітбаева білім берудегі инновациялық тәжірибені дамыту және тарату бағытындағы табысты жұмысы үшін «INSPIRATION AWARD» арнайы сыйлығына ие болды. Бұл марапат педагогтің шығармашылығы мен кәсіби ізденісіне берілген жоғары баға болып табылады.
Байқауға колледждің «Бастауыш білім беру» бөлімінің студенттері Гүлнәр Мешітбаеваның жетекшілігімен әзірлеген SCAFFOLD карталары негізіндегі жобаларын ұсынды. Аталған жұмыстар заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдануымен және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталғанымен ерекшеленді.
Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі DARYA SCAFFOLD жобасымен 2024 жылдан бері жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Жоба аясында оқытушылар мен студенттер білім беру процесіне инновациялық әдістерді енгізіп, тәжірибелік жұмыстарды жетілдіруде.
Павлодарлық педагогтің халықаралық деңгейдегі жетістігі өңірдегі педагогикалық білім берудің сапасы мен әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жеңіс – кәсіби шеберлік пен үздіксіз ізденістің нәтижесі ғана емес, қазақстандық білім беру тәжірибесінің халықаралық деңгейде мойындалуының айқын көрінісі.
Брюссель қаласында мамырдың 27-28 күндері Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушылары Мешитбаева Г.А. және Ясная В.В. қатысқан, «ETF New Learning Award -2026» атты халықаралық педагогтарға арналған арнайы іс-шара өтті.
Мешітбаева Г.А. білім берудегі инновациялық тәжірибені таратуда халықаралық «ETF New Learning Award 2026» кәсіби конкурсының «INSPIRATION AWARD» сыйақысын иегері атанды.
Бұл халықаралық кәсіби сайысқа «Бастауыш білім беру» бөлімі студенттерінің Г.А.Мешитбаеваның жетекшілігімен SCAFFOLD карталары бойынша жасаған жобалары ұсынылды.
Колледж DARYA SCAFFOLD жобасымен 2024 жылдан бері белсенді жұмыс жасауда.










