40 жыл атпен ауыл кезген қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары марапатына ие болды

Қытайда 40 жылдан астам уақыт бойы атпен ауыл аралап, шалғай елді мекен тұрғындарын емдеп келген қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапаты – “1 шілде” орденімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқас Сүлеймен “1 шілде” орденін Си Цзиньпиннің қолынан Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты рәсімінде алды. Дәрігер Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы шалғай өңір тұрғындарына 40 жылдан астам уақыт бойы медициналық көмек көрсеткен. Науқастарға жету үшін ол жиі алыс қашықтықтарды атпен жүріп өтеді.
Қытайлық БАҚ деректеріне сәйкес, 1975 жылдан бері Оқас Сүлеймен 100 мыңнан астам науқасты қабылдаған. Мыңдаған адамның өмірін сақтап қалған және 3200-ден астам сәбидің дүниеге келуіне көмектескен. Ол ұзақ жылдар бойы Дурбульджин уезі (Тарбағатай) Шаусек аудандық ауруханасының ішкі аурулар бөлімшесі бастығының орынбасары қызметін атқарған. Еңбегі үшін ол Қытайдың бірнеше мемлекеттік марапатына ие болған.










