«Арнайы сот сараптамасы тағайындалды»: Бас прокуратура Мухарияповтың сөзіне қатысты мәлімдеме жасады

 

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қоғамдық резонанс туғызған кәсіпкер Рәміл Мухарияповтың сөзі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Менің хабарым бойынша, Алматының ішкі істер департаменті осы іс бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру аясында арнайы сот сараптамасы тағайындалды. Сол сараптаманың қорытындысы бойынша шешім қабылданады», — деді Әсет Шындалиев.

Әсет Шындалиев кәсіпкердің сөзіне байланысты шенеунік емес, жеке азамат ретінде өз пікірін білдіруден бас тартты.

Еске сала кетсек өткен аптада жиындардың бірінде Мухоряпов орысша сұраққа қазақша жауап бергендер азаматтардың бойында «ұлтшылдықтың сәл көрінісі барын, бұл жағдай үлкен мәдениеттің белгісі емес екенін» айтқан.

«Егер мұндай болса (орысша сұрағандарға қазақша жауап беріп жататын болса) қатты қапаланар едім. Меніңше, бұл сәл біртүрлі. Ұлтшылдықтың сәл көрінісі. Бұл үлкен мәдениеттің белгісі емес. Біздің меймандығымыз бәрін көтеріп кетуі керек», — деді ол.